Астанада жылыту маусымының қортындысы шығарылды

Жылыту маусымы елордада 202 күнге жалғасты:2016 жылдың 1 қазанынан 2017 жылдың 20 сәуіріне дейінгі аралықта өтті.

IMG_0715

«Астана қаласының энергетика басқармасының» басшысы Б.Б. Жапаев елорда әкімі Әсет Исекешевке 2016-2017 жылдардың күз-қыс кезеңдерінің өту барысы туралы есеп берді.

Электр көздерінде электр энергиясы 2016 жылдың 8 желтоқсанында ең көп өндірілген. (485 МВт/ч), ал жылу энергиясының ең көп жіберілген кезі 2017 жылдың 10 ақпанында тіркелген. (1 955 Гкал/ч). 2496 мың тонна көмір және 7 318 тонна мазут шығындалған.

Астана қ. әкімінің сайты сілтемесі бойынша толық ақпарат: http://astana.gov.kz/kk/modules/material/13210