«Астана-Энергия» АҚ BI-марафонына белсене қатысты

2017 жылы 28 мамырда Астана қаласында BI Group Құрылыс компаниясы ұйымдастырған, 5 мың адам қатысқан қайырымдылылық BI-марафоны өтті.

Марафон қашықтықтары 5, 10, 21 және 42,2 км құрады. Сондай-ақ «Экиден» команда сынағында 42,2 км қашықтықта BI Group, «Казпошта» АҚ, Жилстройсбербанк, Kaspi банк, Astana Runners, Viessmann, Автодор-НС және т.б. компаниялардан 17 команда қатысты.

Осы марафонға «Астана-Энергия»АҚ қызметкерлері де қатысты. 10 км қашықтықта 2 қызметкер жүгірді:

  1. Дина Батыргалиевна Темиргалиева – Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
  2. Загира Докдыралиевна Сейпанова – тарифтік саясат және бюджет бөлімінің басшысының орынбасары

IMG_4400 IMG_4383 IMG_4366

Ұйым атынан «Экиден» эстафетасына 6 адам қатысты:

  1. Улан Газезович Маратов – ЭЦ кабель желілерін жөндеу және монтаждау бойынша электр монтері
  2. Бактияр Жанабайулы Мустафинов – АТ және ББ байланыс электро монтері
  3. Алмасбек Женисбекулы Аманжолов – ЖАӨЦ электр слесарі
  4. Нуркабыл Султанбекулы Исабек – АТ және ББ инженер-электронщигі
  5. Рустем Альбертович Хафизов – ЖАӨЦ электр слесарі
  6. Нурканат Ердалиевич Наргелов – ӨТБ технигі

Эстафета қорытындылары бойынша «Астана-Энергия» АҚ командасы  6 орын алды.

Жиналған қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық көмек көрсететін «Жұлдызай» қайырымдылық қорына аударылатынын ескертеміз.