«Астана-Энергия» АҚ Басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды

2017 жылдың 30 мамыр күні «Астана-Энергия» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасының лауазымына Еркеғалий Темірғалиұлы Есенжолов тағайындалды.

predsedatel2

Еркеғалий Темірғалиұлы Есенжолов 1960 жылдың 28 қыркүйегінде Целиноград қаласында дүниеге келді. 1982 ж. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын электрлендіру» мамандығы бойынша аяқтады. Өзінің қызмет жолын 1982 жылы «Электроуралмонтаж» Трестінің инженері лауазымымен бастады, бұдан кейін 1983 жылы «Сельхозэнерго»  Теңіз РМ бас инженері лауазымына тағайындалды. Одан әрі «Сельхозэнерго»  РМ директоры, Ақмола облысы Теңіз аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігі төрағасының орынбасары, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Вишневск аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Красноозерный» совхозының директоры, «Есенжолов и К» ШС директоры лауазымында қызмет атқарды.

1999-2004 жылдары Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі, 2004-2006 жылдары – Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі лауазымына тағайындалып еңбек етті. 2006 жылы — «Алмас» АҚ құрылыс бойынша бас инженері. 2007-2011 жылдары – «Астанастройэнерго» ЖШС директоры. Астана қ. «ҚТЖ» ҰК ҚТТ» президентінің кеңесшісі болды. 2013 жылы — Астана қ. «Трест Средаэнергомонтаж» АҚ 2-ЖЭО, 3-ЖЭО құрылысын үйлестіру бойынша бас директорының орынбасары. 2014 жылы — Астана қ. 3-ЖЭО құрылысының Басқармасы  «Центрказэнергомонтаж» АҚ бөлімшесінің директоры. 2014-2015 ж.ж. – «Центрказэнергомонтаж» АҚ бас директоры. 2015 жылдан бастап – 2017 жылдың мамыр айы аралығында – «Астанаэнергосервис» АҚ Басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, келесі наградаларға ие: «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 16 жыл» медалі, «Құрметті энергетик» төсбелгісі.

Бүгінгі күні аудандық мәслихат депутаты болып табылады.