Жылу энергиясы өндірісі бойынша уақытша өтем тарифін енгізу жөніндегі «Астана-Энергия» АҚ ресми баспасөз хабарламасы

«Астана-Энергия» АҚ жылу энергиясы бойынша қызметке 1 745,63 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз) көлемінде уақытша өтем тарифін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 1 жыл мерзімге енгізу қатысты келесіні хабарлайды.

Астана қ. бойынша табиғи монополияларды реттеу бойынша өкілетті органының 2013 жылдың 19 қарашасындағы № 141-ОД бұйрығымен «Астана-Энергия» АҚ үшін жылу энергиясы өндірісі бойынша 2016 жылға 1 484 теңге/Гкал, 2017 жылға 1 763 теңге/Гкал көлеміндегі тарифі бекітілді.

Астана қ. әкімдігінің тапсырмасына байланысты және Өкілетті органның келісімі бойынша «Астана-Энергия» АҚ 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 763 теңге/Гкал көлеміндегі бекітілген тарифі кезінде 2016 жылы әрекет еткен 1 484 теңге/Гкал тарифін қолданады.

Осылайша, 2017 жылы астана тұрғындары төмендетілген 19% тарифі бойынша жылу энергиясына төлем жүргізеді, осыған орай, «Астана-Энергия» АҚ өзінің әрекетімен тарифтің өсуі болмауына байланысты, тұтынушылардың шығынға ұшырауын болдыртпады.

«Астана-Энергия» АҚ қала тұрғындарының мүддесі үшін өзінің қызметін жүзеге асырады, шығындарды оңтайландыру және тарифтің өсуін болдыртпау үшін жұмыстар жүргізеді, сондай-ақ, тұтынушылармен, БАҚ, қоғамдық ұйымдармен және Өкілетті органмен мәселелерді талқылау кезінде ашықтық және айқындық қағидаларын басшылыққа алады.