Қарттар күніне арналған іс-шаралар

«Астана-Энергия» АҚ  бүкіл әлемде 1-қазанда өткізілетін Халықаралық қарттар күніне арналған  қазан айлығын өткізуге белсене қатысады.

2016-21 жылдарға арналған Қоғамның ұжымдық шартында ««Астана-Энергия» АҚ зейнетақыға шыққан зейнеткерлерге көмек көрсету бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) мазмұндалған. Бағдарлама жұмыс істемейтін зейнеткерлерге көмек көрсету бойынша нақты мақсатты әрекетті қарастырады және Қарттар күніне келесі іс-шараларды қоса алады:

  • Орталық жылытусыз жеке секторларда тұратын зейнеткерлерді әрқайсысына саны 2 тоннадан қатты отынды жеткізіп берумен (тегін) қамтамасыз ету;
  • Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге жалпы сомасы 2 994 225 теңге саны 249 адамға бір жолғы төлем.