«Еңбек жолы» конкурсының қорытындысы

Астана қаласында Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында 20 қыркүйекте  Еңбек күнін тойлауға орай қалалық еңбек форумы өтті.

Осы форум шеңберінде «Еңбек жолы»  конкурсының қорытындысы шығарылды. Республикалық конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында ағымдағы жылдың маусым айында жарияланған болатын.

Конкурсқа «Астана-Энергия» АҚ жұмыскерлері үш аталым бойынша қатысты.

  1. «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша:
  • Гольцварт Александр Александрович–әкесі;
  • Гольцварт Валентина Вячеславовна–шешесі;
  • Гольцварт Константин Александрович–ұлы;
  • Гольцварт Евгения Алексеевна – келіні.
  1. «Өндірістің үздік жас маманы» аталымы бойынша – Аманжолов Асқар Мұратұлы;
  2. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымы бойынша – Волик Татьяна Геннадьевна.

«Еңбек жолы»  конкурсының жеңімпаздарын іріктеу Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сайтында онлайн-дауыс беру арқылы жүргізілді.

Дауыс берудің қорытындысы бойынша ең көп дауыс алған жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар арасында «Астана-Энергия» АҚ жұмыскерлері де бар.

«Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша құрметті үшінші орынды Гольцварт жанұясы, ал «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымы бойынша химиялық цехтың ауысым бастығы Волик Татьяна Геннадьевна иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен және 50 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталды. Конкурсқа белсенді қатысқаны үшін қазандық цехының машинисі Аманжолов Асқар Мұратұлы құрмет грамотасымен және естелік кітабымен марапатталды.

«Астана-Энергия» АҚ ұжымы атынан Гольцварттар жанұясын, Волик Т.Г. және Аманжолов А.М. жеңістерімен құттықтаймыз. Дендеріне саулық, отбасына амандық және Отанымыздың игілігі жолындағы еңбекте толағай табыстар тілейміз.DSC02965

DSC02970

DSC02982