1-ЖЭО көмір түсіру тораптарын жаңғырту

«Астана-Энергия» АҚ Инвестициялық саясат аясында отын тасымалдау цехының жабдығын жаңғыртуды жүргізуде.

Астананың жылу электр орталығы «Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО №1 қоймасына көмірді түсірудің 6-ТК телескоптық түсіргіштері мен түсіру тораптарында аспирация және шаң басу жүйесін жаңғырту» жобасын жүзеге асырады. Жалпы жаңартылатын жабдықтың саны – төрт  түсіргіш.

1961 жылы Астана 1-ЖЭО-да көмір түсіргіштер жобаланды және орнатылды. Олардың «шаңнан қорғайтын қоңырауы» болған жоқ және көмір  бір секциядан келесі секцияға көтерілді, осының салдарынан, телескоптық құбырдың төменгі бөлігі мен көмірдің үйінді үймесі арасында үнемі саңылау болды. Бұл материалдың еркін шашылу аймағының пайда болуына және атмосфераға көмір шаңының бөлінуіне, сонымен қатар, көмір кесектерінің шашылуына әкелетін. Бұдан басқа, түсіргіштер шеткі төменгі қалыпта, 1,5 м қашықтықта  нөлдік белгіге жетпеген.

 

2018 жылы телескоптық түсіргіштерде екі ағын ауыстырылды. Келесі жылы жобаға енгізілген жұмыстың қалдық көлемі аяқталатын болады.

Жаңғырту 6-ТК конвейерлік галереясының жабдық құрамына шаңданудың пайда болуына кедергі болатын техникалық құрылғылар кешенін енгізу: қолданыстағы түсіргіштер ағындарын, төменгі бөлігі «шаңнан қорғайтын қоңыраумен» жабдықталған және шаң өткізбейтін «юбкасы», яғни, шаңнан қорғайтын қоңыраулардың төменгі бөлігіне бекітілген резеңке жолақтары бар, толық телескопиялық тиеу құрылғыларына ауыстыруды қамтиды.

Шаң өткізбейтін қоңырау материал деңгейінің датчигімен жабдықталған, датчик қоршаған ортаға шаңның түсуіне кедергі болатындай, сонымен қатар, персоналдың еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту және №6 ТК галереясының жұмыс аймақтарында көмір шаңының шоғырлануын төмендету үшін қоңырауды көмір деңгейімен бір мезгілде автоматты және бірсарынды түрде көтереді. Өндірістік объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, соқалық түсіргіштердің жабындарында сүзгіш қондырғыларын орнату қарастырылған.

Соқалық түсіргіштердің шаң өткізбейтін жабындары мен ауаны шаңнан тазартуға арналған, жабын астындағы орналасқан картридж сүзгілері  енгізілетін жабдық кешенінің ажырамас бөлігі. Сүзгілер  ауаны тазарту дәрежесі 99,9% -дан кем емес, толық автоматты жабдық болып табылады.