«Астана-Энергия» АҚ қызметкерлері «Жалпыхалықтық диктант» жазды.

14 қараша күні  «Астана-Энергия» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен республика бойынша латын графикасы негізінде “Жалпыхалықтық диктант” жазды.

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеруге дағдыландыру.

“Жалпыхалықтық диктант” жазу барысында,  «Астана-Энергия» АҚ қызметкерлері латын графикасын жетік меңгергендігін көрсетті.

Қазақ тілі соңғы 100 жылда үш әліпби өзгертті. Өткен дәуірдің басында қазақтар араб жазуымен жазса, 1929 жылы латын қаріпіне, ал 1940 жылдан бастап кириллицаға көшкен болатын.

Әлбетте, қазір 100 жыл бұрын қолданған  араб пен  латын қаріпін   оқи алатын адамдар саны кемде-кем. Енді міне қазақ тілі төртінші рет әліпбиін өзгертуге дайындық басталып кетті.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды.  2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіруді қаматамасыз ету жұмыстары өкіметке тапсырылды.

1 қарашадан бастап қазақстан елтаңбасында мемлекет атауы: Qazaqstan деп өзгертілді.

photo5429262159260526948

IMG_9629