«Астана-Энергия» волейбол құрамасын жеңісімен құттықтаймыз!

2018 жылдың 5 қарашасында Астанада энергия кешені мен коммуналдық қызмет кәсіпорындары арасында спартакиада басталды. Аталмыш шара екі маңызды күнге орайластырылған – Тәуелсіздік күні мен энергетика күніне.

Биылғы жылы өз командаларын “Астана энергия” АҚ, “Астана су арнасы” МКК, “Астана РЭК” АҚ, “Астана теплотранзит” АҚ, “Астана Тазалық” ЖШС, “Астана зеленстрой” АҚ, “Астанаэнергосервис”АҚ ұсынды. Жарыс спорттың жеті түрінен өтеді: волейбол, футбол, дойбы, шахмат, үстел теннисі, бильярд және тоғыз құмалақ. Ойындар 14 желтоқсанда аяқталады.

13 қараша күні волейбол ойындарының кезеңі аяқталып, біздің «Астана-Энергия» құрамасы бірінші орын алды.  Осы уақытқа дейін біздің құрама волейболдан бірнеше жыл қатарынан жеңісті қолдан бермей келеді.

Спартакиада қортындысы

Волейбол жарысының нәтижесі:

1 орын – «Астана-Энергия» АҚ

2 орын – «Астана РЭК» АҚ

3 орын – “Астана тазалық” ЖШС

Бізідің спортшыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!