«Астана-Энергия» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру қызметтеріне тарифтерді төмендету туралы хабарлама

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 13) тармақшасына сәйкес, «Астана-Энергия» АҚ жылу энергиясын өндіру қызметтеріне қолданылу мерзімі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін, ҚҚС-сыз 1 551,54 теңге/Гкал дейін тариф шекті деңгейінің төмендеуін хабарлайды.
Жылу энергиясын өндіру қызметтеріне тариф «Астана-Энергия» АҚ-ның 2018 жылғы 30 қарашадағы №75 бұйрығымен бекітілді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қ. бойынша департаментінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №05-13/4276/3780 хатымен келісілді.