ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Астана-Энергия» АҚ баршаңызды Ұлы Дала Елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен Азаттық туын желбірету – бүгінгі ұрпақтың еншісіне тиген зор бақыт. Ширек ғасыр ішінде егеменді мемлекетіміз қарыштай дамып, күллі әлем қауымдастығына өзінің бейбіт сүйгіштік саясатымен кеңінен танылды.

Жаңа дәуірде көк туын көкке желбіреткен Қазақ Елінің тұғыры биік, мерейі үстем болып, әлем көгінде жұлдызы жарқырай берсін!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, тәуелсіз Отанымыздың жарқын болашағы жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!

1479825537_cdrlnpaeej4