Компания туралы

«Астана – Энергия» акционерлік қоғамы ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес 2004 жылдың 4 қараша күні жеке құрылтайшының шешімі бойынша «Астана-Энергия» АҚ жарғылық капиталына 1-ЖЭО және 2-ЖЭО мүліктік кешенін беру жолымен құрылды.

«Астана – Энергия» АҚ құрамына құрылымдық бөлімшелер ретінде 1-ЖЭО, 2-ЖЭО және Аудандық қазандық (Қоғамның құрамына аудандық қазандықтар 2012 жылы кірді.) кіреді .

Қоғамның жеке құрылтайшысы «Астанаэнергосервис» АҚ болып табылады.
Қоғамның негізгі міндеті – Астана қ. тұрғындарын, кәсіпорындары мен ұйымдарын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету.
Жарғыға сәйкес, Қоғам қызметінің негізгі түрі болып табылатындар:

  • жылу энергиясының өндірісі;
  • электр энергиясының өндірісі;
  • Өкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша басқа қызметтер.

1-ЖЭО негізгі жабдықтары: шағын қуаттылығы бар 3 турбина, 3 энергетикалық және 7 сужылыту қазандығы.
2-ЖЭО негізгі жабдықтары: 7 энергетикалық және 6 сужылыту қазандығы, сондай-ақ, 5 бу турбинасы.
7 аудандық қазандықта 36 сужылыту қазандығы орнатылған. Оның ішінде «Алтай» – 6 дана, КВр қазандығы – 19 дана, КВ ТС қазандығы – 3 дана, КВ Ер қазандығы – 8 дана.