1-ЖЭО тарихынан

1961 жылдың желтоқсан айының соңында алғашқы турбина мен алғашқы қазандықтың пайдалануға қосылуымен Ақмола 1-ЖЭО қатарға енгізілді. Сол уақытта индустрияландыру және халықтың әлеуметтік игілігін жақсарту жолына нық тұрған Целина өлкесінің сол кездегі облыстық орталығы үшін бұл жайт шын мәнінде тарихи болды.

1-ЖЭО қызметкерлері төрт онжылдық бойы қаланы энергиямен қамтамасыз ету үшін  күні мен түні еңбек етіп келеді. Астанамыздың бүгінгі күні мыңдаған электр шамдармен жарқын жарықтандырылуы – Астана энергия кешенінің тұңғышы – ең бұрынғы станция энергетиктерінің көптеген буындарының ерен еңбегі.

ЖЭО салу 50-ші жылдардың басында жоспарланған болатын. Орнату үшін АЕГ 3200 кВт  фирмасының турбогенераторын қолдану болжанған. Алғашқы техникалық жоба осы ойларға сүйене орындалған. Кейін ЖЭО енді отандық жабдыққа қайта жобаланды. 1959 жылға қарай ЖЭО алаңында тұрмыстық корпустың екінші қабатқа дейінгі ғана қабырғалары   салынды. ЖЭО-на қажеттілік құрылыстың мерзімін қысқартуға мәжбүр етті.

Шын мәнісінде, ЖЭО бірінші кезегі, сумен қамту құрылғылары бойынша өте  үлкен жұмыс көлемін қосқанда (бес сорғы ұңғымалары, екінші көтерілім сорғысы, жерге тұйықталған резервуарлар, магистралдық құбырлар, қысым мұнарасы) үш жылда орындалды. Сол жылдар үшін бұл әрине өте қысқа мерзім болды, оған қоса ғимараттар блокты емес, қаңқалы болды.

Қысқа мерзімде салуды және құрастыруды аяқтау ұмтылысы бірқатар техникалық шешімдер туындатты. Солардың ішіндегі кейбіреулері.

ЖЭО бірінші турбинасы градирнясыз жұмыс істей алмады. Бұл маңызды инженерлік құрылыс болды. Градирняның металл қаңқасының биіктігі 42 метр және жоба бойынша кран арқылы салынды. Алдымен бірінші қабаты, кейін екінші, және соңында үшінші қабаты құрастырылды. Осындай биіктікте құрастыру жүргізетін крандар сол уақытта Ақмолада болмаған.

1-ЖЭО құрылысы барысында инженерлік пікірдің белсенділігі СМП-209 мердігерінің бас инженерлерімен барынша қолдау көрсетіліп, көтермеленді.

Еңбек және шығармашылық қарқынның арқасында 1-ЖЭО құрылысы қысқа мерзімде аяқталды. Құрылыс барысында кеңес және партия органдарының араласуы едәуір көмек бергенін атап өтпей кетуге болмас.

Сонымен, 1961 жылдың желтоқсан айының соңғы күндерінде 40 атмосфера, 440 град.С бу параметрлерімен, өндірістілігі сағатына 50 тонна бу, БКЗ 50-39ф  типті № 1 қазандық агрегаты және 6 МВт  электр қуатымен АТ-6 типті №1 турбоагрегатының Целиноград 1-ЖЭО бірінші кезегі іске қосылды. Мұндай «алыптың» енгізілуі сол уақытта целина энергетиктерінің маңызды жеңісі болды. Қала тұтынушыларын электрмен қамту қауырттылығы шешілді. Осылай, осы уақыттан бастап оның бір орталықтан жылытумен қамтуға өтуі және саны көп жергілікті қазандықтардың сатылық жабылуы басталды, бұл өз бетімен үлкен экономикалық әсер беріп, қала экологиясын жақсартты.