2-ЖЭО құрылысы тарихынан

1971 жылдың 29 маусымында КСРО Энергетика министрлігінің Целиноград 2-ЖЭО техникалық жобасын әзірлеу бойынша арнайы шешімі қабылданды.

Құрылыстың алдында алдымен тарихи алғышарттар болды, атап айтқанда, Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру, сондай-ақ Целинаның дәуірлеу уақытында Қазақ даласының астанасы және аңыз-қала болған, озат жастар армандаған және Целинаға Кеңес Одағының тұс-тұсынан жиналған Ақмоланың бұрынғы уездік қаласының дәуірлеу өнеркәсібі.   Осыдан көптеген жас энергетиктер, кешегі студенттер, бүгінгі басшылар және жаңа энергетиктер ұрпағын тәрбиелеп өсірушілердің қызығарлық өмірі басталды.

Целиноград 2-ЖЭО қаланың Солтүстік өнеркәсіптік аймағында орналастырылған.

Жылыту маусымының ұзақтығы – 215 тәулік.

2-ЖЭО 1-ші кезегінің құрылысы 1972 жылы басталып, 1985 жылы аяқталды. 1972 жылдың 22 сәуірі – Коммунистік сенбілік күні  стела орнатылды, болашақтағы 2-ЖЭО станциясының орналасқан жерінің шамшырағы.

Салуға қатысқандар:

Бономанко Борис Александрович – партияның облыстық комитетінің  өнеркәсіптік бөлім меңгерушісі;

Кириленко Василий Петрович – партияның облыстық комитетінің екінші хатшысы;

Левин Вениамин Моисеевич – «Целинэнерго» басқарушысы;

Шадыжев Ахмет Туханұлы – салынып жатқан 2-ЖЭО бас инженерінің орынбасары.

1974 жылдың көктемінде 2-ЖЭО құрылысы өріс алды. 1979 жылдың 29 тамызында Целиноград 2-ЖЭО 1-ші кезегінің 1-ші блогын пайдалануға енгізу жөнінде құжаттарға қол қойылды.