Жариялаған: 17.09.2022 ж.
Экологиялық айлық және жыл сайынғы «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» экологиялық акциясы шеңберінде «Астана-Энергия» АҚ ұжымы 700 қапшық қоқыс қалдықтарын жинап шығарды. Акционерлік қоғамның 300-ден астам қызметкері жалпықалалық сенбілікті қолдады.
1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО іргелес аумақтары, «Железнодорожный», «Мичурино», «Интернациональный», «Промышленный», «УПТК» және «Пригородный» тұрғын алаптарында орналасқан су қыздыру және аудандық қазандықтар тазартылды.
Сенбілік қарсаңында аумақты тазарту бойынша егжей-тегжейлі жоспар құрылды. Жұмыс топтарының әрқайсысына белгілі бір аумақ бекітіліп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізілді, жұмыс құрал-саймандары, қолғаптар, қаптар берілді.
Жиналған қоқыстарды уақытында шығару үшін арнайы техника - тракторлар, тиегіштер мен самосвалдар жұмылдырылды.
Сенбілік – бұл корпоративтік рухты көтерудің, ұжымды біріктірудің, психологиялық климатты жақсартудың тамаша тәсілі. Адамдарды ортақ игі үшін бірлескен жұмыс сияқты ештеңе біріктірмейтіні бұрыннан белгілі.