+7 (7172) 64 40 96

02   1971 жылғы 29 маусымда КСРО Энергетика министрлігінің Целиноград 2-ЖЭО техникалық жобасын әзірлеу жөнінде арнайы шешімі қабылданды.Құрылыстың басында тарихи алғышарттар болды: Қазақстанның тың жерлерін игеру, тың көтеру дәуірінде кең даланың астанасы және алдыңғы қатарлы жастар армандаған, Кеңес Одағының барлық бұрыштарынан тың игеруге келген аңыз-қала болған бұрынғы уездік Ақмола қаласының қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсібі. Осыдан көптеген жас энергетиктердің-кешегі студенттер, бүгінгі басшылар мен энергетиктер және энергетиктердің жаңа ұрпағы тәрбиешілерінің қызығы мол тағдыры басталды.

         1974 жылдың көктемінде 2-ЖЭО құрылысы басталды. 1979 жылғы тамыз айында электр қуаты 80 МВт және жылу қуаты 180 Гкал/сағ белгіленген, Целиноград 2-ЖЭО 1-ші кезегінің 1-ші блогын пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылды.

Кәсіпорынды іске қосу кезінде:

2-ЖЭО директоры-Гойденко Владимир Лукич

бас инженер-Шадыжев Ахмет Туханұлы басқарды.

Станция іске қосылған сәттен бастап жұмыс істейтін «Астана-Энергия» АҚ мамандары:

Гольцварт Александр Александрович

Новикова Валентина Юрьевна

Мухина Наталья Дмитриевна

Гольцварт Валентина Вячеславовна

Деньк Светлана Сергеевна

Тарихи хроника:

1979 жылғы шілде айында № 1 ст. ПТ-80/100-130/13 турбина агрегаты мен БКЗ-420-140-5 қазан агрегаты іске қосылды.

1980 жылғы қараша айында №2 ст. ПТ-80/100-130/13 турбина агрегаты іске қосылды.

1981 жылғы желтоқсан айында БКЗ-420-140-5 қазан агрегаты іске қосылды.

1983 жылғы наурыз айында №3 ст. ПТ-80/100-130/13 турбина агрегаты және №3 ст. БКЗ-420-140-5 іске қосылды.

1985 жылғы желтоқсан айында №4 ст. БКЗ-420-140-5 қазан агрегаты іске қосылды.

1992 жылғы желтоқсан айында №5 ст. БКЗ-420-140-5 қазан агрегаты іске қосылды.

2006 жылғы желтоқсан айында қуаты 120 МВт, №4 ст. Т-120/130-130-8 турбина агрегаты іске қосылды.

2008 жылғы қаңтарайында бу өнімділігі 420 т/сағ., №6 ст. БКЗ-420-140-5А қазан агрегаты пайдалануға берілді.

2012 жылғы қазан айында қуаты 120 Гкал/сағ., №1,2,3,4 ст. КВ-Т-139,6-150 су жылытатын шаңкөмір қазандары іске қосылды.

2015 жылғы маусым айында қуаты 120 МВт №5 ст. Т-120/130-130 турбина агрегаты іске қосылды.

2016 жылғы қазан айында бу өнімділігі 550 т/сағ., №7 ст. Е-550-13,6-560-КТ қазан агрегаты пайдалануға берілді.

2016 жылғы желтоқсан айында №№5,6 ст. су жылыту қазан агрегаттары пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта 2-ЖЭО-ның белгіленген электр қуаты 480 МВт, белгіленген жылу қуаты 1918 Гкал/сағ. құрайды.

40 жыл ішінде станция 61 млрд. 943 млн. кВт/сағ электрэнергиясын және 98 млн. 767 мың Гкал жылу энергиясын өндірді. 2-ЖЭО белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті 2019 жылғы 1 жартыжылдықта 81% - ды құрады, бұл мамандардың жоғары техникалық деңгейін, негізгі жабдықтардың пайдалану мен жөндеу сапасын куәландырады.

         Келешекте №6 ст. турбина агрегатын, №8 ст. қазан агрегатын пайдалануға беру және елорда атмосферасына зиянды түтін газдарының шығарылуын азайтуға мүмкіндік беретін шара ретінде су жылыту қазандарын газға ауыстыру жоспарлануда.

         Бұдан басқа, №4 ст. турбогенераторында Tornado базасында реттеу және қорғау құралдарын орнату арқылы реттеу жүйесін жаңғырту, жедел токты үлестірудің кабельдік жүйесін қайта құрумен ЩПТ-1, ЩПТ-2 тұрақты ток қалқандарын қайта құру, 2-ЖЭО-ның 1-кезегін автоматтандыру жүйесін кешенді жаңғырту, қуатты арттыру арқылы №1-3 станциялық турбиналарды жаңғырту, энергетикалық және су жылыту қазандарынан атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын тұрақты бақылау жүйесін енгізу, техникалық судың жалпы сілтілігін төмендету мақсатында жылу желісін қоректендіру үшін су дайындау қондырғысын жаңғырту, кері осмос жүйесін орната отырып, 2-ЖЭО су дайындау жүйесін жаңғырту көптеген басқа да маңызды жобалар жоспарлануда.

         2004 жылғы 4 қарашада жалғыз құрылтайшының шешімімен 2-ЖЭО мүліктік кешені «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес құрылған «Астана-Энергия» АҚ жарғылық капиталына берілді. «Астана – Энергия» АҚ құрамына құрылымдық бөлімшелер ретінде 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, Аудандық қазандық кіреді.

         Қазақстан Республикасында Ұлттық бизнес-рейтинг қорытындысына сәйкес 433 774 шаруашылық жүргізуші субъекті арасында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша «Астана-Энергия» АҚ «мемлекеттік бюджетке үлес» көрсеткіші бойынша 1 орын (алтын жүлде) берілді. Осылайша, 2-ЖЭО елорда Нұр-сұлтан қаласының ірі стратегиялық нысандарының бірі болып табылады.

 

Онлайн кім

Қазір 33 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр