+7 (7172) 64-40-59

26 08 2021

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» (бұдан әрі - Департамент) кабельдік желі - 10 кВ 150-тарату пункт 9-ұяшық 990-ТҚС желісінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының  Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады.

Әкімшілік істі қарау барысында «Луч-Энерго» ЖШС 2021 жылдың 16 маусымында

науаларды ашу арқылы жер қазу жұмыстары кезінде Майқайың мен

Дауылпаз көшелері қиылысындағы кабельдік желісін зақымдады, бұл 2015

жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын

техникалық пайдалану қағидасының 243, 245 тармақтарын бұзу болып

табылады.

Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық

туралы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 802-бабының 3-бөлігін басшылыққа

ала отырып, 1000 вольттан жоғары электр желілерінің зақымдануы үшін

«Луч-Энерго» ЖШС-ті Кодекстің 302-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік

жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық

бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген

тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.

Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері

жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде

Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану

қағидаларын және Электр желілері обьектілерінің күзет аймақтарын және

осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін

пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін

ескертеді.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадагалау мен бақылау комитетінің

Ңұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Онлайн кім

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр