Біз туралы

 «Астана – Энергия» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) құрамына құрылымдық бөлімшелер ретінде 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және Астана қаласы бойынша аудандық қазандықтар кіреді.

Жылу электр орталығы пайдалануға берілгенге дейін бұрынғы Ақмола қаласының тұрғын үй қоры аудандық қазандықтардың көмегімен жылытылды. Алайда, қарқынды дамып келе жатқан қала орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуді қажет етті. 1-ЖЭО құрылысы 1950-жылдардың басында жоспарланған. Алайда 1959 жылға қарай 1-ЖЭО алаңында тұрмыстық корпустың екінші қабатына дейінгі қабырғалары ғана тұрғызылған болатын. Жылу электр орталығына деген қажеттілік құрылысты жеделдетуге себеп болды. 1962 жылдың жаңа жылы қарсаңында жылу электр орталығы алғашқы киловатт-сағат электр энергиясын өндірді. Осы уақыттан бастап қала орталықтандырылған жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен көшіріліп, көптеген аудандық қазандықтар біртіндеп жабылды. Бұл елеулі экономикалық тиімділік беріп, экологиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етті

1971 жылы 29 маусымда КСРО Энергетика министрлігінің Целиноград 2-ЖЭО техникалық жобасын әзірлеу туралы арнайы шешімі қабылданды.

Құрылыс басталуына мынадай тарихи алғышарттар себеп болды: Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру, бұрынғы уездік Ақмола қаласының қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсібі тың игеру жылдары бұл қала жыртылған далалардың астанасына, бүкіл Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен алдыңғы қатарлы жастар армандап келетін аңызға айналған қалаға айналды.

Осы сәттен бастап көптеген жас энергетиктердің, кеше ғана студент болғандардың, бүгінгі басшылар мен энергетиктердің жаңа буынын тәрбиелеушілердің қызығарлық тағдыры басталды.

1974 жылдың көктемінде 2-ЖЭО құрылысы басталды. 1979 жылғы тамыз айында орнатылған электр қуаты 80 МВт және орнатылған жылу қуаты 180 Гкал/сағ болатын Целиноград 2-ЖЭО бірінші кезегінің 1-блогын пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 17 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы №190 қаулысы және «Астанаэнергосервис» АҚ  2004 жылғы 29 қазандағы шешімі негізінде 1-ЖЭО  мен 2-ЖЭО базасында жаңа заңды тұлға – «Астана-Энергия» АҚ құрылды. 2004 жылғы 4 қарашада Астана қаласының Әділет департаменті «Астана-Энергия» АҚ-ын №17550-1901-АО тіркеу нөмірімен заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізді. Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен «Астана-Энергия» АҚ директорлар кеңесінің 2012 жылғы 5 шілдедегі шешімі негізінде құрамға аудандық қазандықтардың өнеркәсіптік-өндірістік персоналының қызметкерлері берілді.

2023 жылғы қазанда орнатылған жылу қуаты 480 Гкал/сағ болатын 3-ЖЭО пайдалануға берілді, 2023 жылғы қарашада орнатылған жылу қуаты 363 Гкал/сағ болатын «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясы пайдалануға берілді 2024 жылғы ақпанда орнатылған жылу қуаты 344 Гкал/сағ болатын «Тұран» газ жылу станциясы пайдалануға берілді.

Миссия:

Елордада үздіксіз жұмыс істеу үшін жылу және электр энергиясымен сенімді және қауіпсіз жабдықтау.

 

Мақсаты:

 

Негізгі міндеттер:

1. Өндірістік міндеттер

 

2. Сенімділік және қауіпсіздік

 

3. Экологиялық жауапкершілік

 

4. Энергия тиімділігі және жаңғырту

 

5. Қаржы-экономикалық қызмет

 

6. Әлеуметтік және стратегиялық маңызы

 

Акциялар:

 

Акция құны:

  Сатып алу – сату кезінде бір бағалы қағаз үшін 1846 тг.

 

Акционерлік құрылым:

Жай акциялардың жалғыз ұстаушысы – «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ.

Иелену үлесі –100%.