«Астана-Энергия» АҚ-ның «Тілдерді дамыту» бөліміне қош келдіңіздер!
Бұл бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, Қоғам қызметіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында құрылған. «Астана-Энергия» АҚ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, құжат айналымын жетілдіруге, қызметкерлердің тілдік мәдениеті мен құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ кәсіби қызметте қазақ тілін тиімді қолдануға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Қоғамда мемлекеттік тілді насихаттауға, іскерлік қазақ тілін жетілдіруге, қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін дамытуға және мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы бөлімде тіл саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар, іс-шаралар жоспарлары, жаңалықтар, әдістемелік және пайдалы материалдар, сондай-ақ Қоғамда мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған өзге де бастамалар туралы ақпарат орналастырылады.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мемлекеттік тілді дамыту, тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдегі құжат айналымы және осы бөлімнің материалдары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі жауапты тұлғаларға хабарласуыңызға болады.
Жауапты тұлға: Әкімшілік бөлім
Телефон: 64-40-52
Электрондық пошта: ae@astana-energy.kz