Туған күні: 1971 жылғы 18 шілде
Туған жері: Ақмола облысы
Ұлты: Орыс
Білімі:
1993ж. – Ақмола инженерлік-құрылыс институты, Жылыту, желдету және ауа бассейнін қорғау, инженер-құрылысшы.
Еңбек жолы:
1993ж. – 1995ж. – Петропавл 2-ЖЭО қазандық машинисі;
1997ж. – 1999ж. – Петропавл 2-ЖЭО қазандық машинисі;
1999ж. – 2005ж. – Қазандықтардың аға машинисі, ауысым бастығы, «Аксесс-Энерго» ЖШС 2-ПЖЭО қазандық цехы бастығының орынбасары;
2005ж. – 2006ж. – «Астана-Энергия» АҚ РНГ жетекші инженері;
2006ж. – 2023ж. – «Астана-Энергия» АҚ-ның Жөндеу бөлімінің бастығы;
2023ж. – қазіргі уақытта – «Астана-Энергия» АҚ-ның Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері
- Қоғамның өндірістік жабдықтарының, оның ішінде электр, жылу, су шаруашылығы және кәріз желілерінің жұмысын, Қоғамның өндірістік жабдықтарының жұмыс режимдерін тәулік бойы басқаруды, «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО-мен, «КОРЭМ» АҚ, ӨҚР ПУЛ, KEGOC ФАРДЦ, АЭҮК және басқа да пайдаланушы ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
- Қоғамның өндірістік жабдықтарына жедел және техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы және жоспардан тыс жөндеуді, Қоғамның өндірістік жабдықтарының жүктеме көтеруге дайындығын ұйымдастырады;
- жасалған шарттарға сәйкес тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен сенімді жабдықтауды ұйымдастырады;
- Қоғамның технологиялық жабдығының қауіпсіз, сенімді және үнемді жұмысының мақсаттарын орындауға бағытталған қоғамның бірыңғай техникалық саясатын ұйымдастырады және сүйемелдейді;
- Қоғамның өндірістік персоналын жұмыстың қауіпсіз және дұрыс әдістері мен тәсілдерін оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- өндірістік шығындарды төмендету бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және енгізеді;
- Қоғамның тұтынушыларын электр энергиясымен, жылу энергиясымен және Қоғамның өзге де өнімдерімен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және сүйемелдейді, өндірістік бағдарламалардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- Қоғамның жөндеу бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
-Қоғамның төтенше жағдайлар жөніндегі штабының жұмысын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Қоғамның эвакуациялық комиссиясының жұмысын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Қоғамның өртке қарсы және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- Қоғамның контрагенттерінің міндеттемелерін орындауын бақылауды және жетекшілік ететін мәселелер шеңберінде өзге де өкілеттіктерді ұйымдастырады;
- Басқарма төрағасының бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқауларын және тапсырмаларын орындайды;
- Өз құзыреті шегінде Қоғамның жетекшілік ететін бөлімшелерінің әкімшілік мәселелерін шешеді;
- Қоғамның жетекшілік ететін бөлімшелерінің қызметіне басшылық жасайды, олардың жұмыс нәтижелерін, бағынысты бөлімшелердегі еңбек және өндірістік тәртіптің жай-күйін бақылайды;
- нарықтық экономика жағдайында Қоғамның техникалық даму бағыттары мен техникалық саясатын, жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, іс-қимылға, ұтқырлыққа және кірістілікке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында өндірісті мамандандыру және перспективада әртараптандыру деңгейін айқындайды;
- өндірістің техникалық дайындығының қажетті деңгейін және оның тұрақты өсуін, еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыруды, шығындарды (материалдық, қаржылық, еңбек) қысқартуды, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануды, өндірілетін өнім – қызметтердің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін, шығарылатын өнім – қызметтердің қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
- Қоғамның орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған бекітілген жоспарларына сәйкес қоғамды қайта құру және жаңғырту, өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістің техникалық мәдениетін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге басшылық жасайды;
- жобалық шешімдердің тиімділігін, өндірісті уақтылы және сапалы дайындауды, жабдықтарды техникалық пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, өндіріс процесінде қызметтердің жоғары сапасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктерінің негізінде сапаны жақсарту, шығарылатын өнім – қызметтерді жетілдіру және жаңарту, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын жобалау және өндіріске енгізу, жоғары өнімді мамандандырылған жабдықтарды бақылау және сынау, үнемдеу режимін дәйекті жүзеге асыру және шығындарды қысқарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
- жобалық, конструкторлық және технологиялық тәртіптің, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нормалардың, табиғат қорғау, санитарлық органдардың, сондай-ақ техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- техникалық құжаттаманың (сызбалар, ерекшеліктер, техникалық шарттар, технологиялық карталар) уақтылы дайындалуын қамтамасыз етуді бақылайды;
- инженерлік және басқару жұмыстарын орындаудың жаңа техникалық және телекоммуникациялық құралдарын енгізу негізінде өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары