Туған күні: 1970 жылғы 05 желтоқсан

Туған жері: Павлодар облысы, Суворово ауылы

Ұлты: Қазақ

 

Білімі:

2003ж. – Томск политехникалық университеті, инженер;

2006 ж. – Академик Қ. Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық университеті, инженер-электрик;

2024 ж. – СБС Эдьюкейшн» қосымша кәсіби білім беру саласындағы автономды коммерциялық емес ұйым, бизнес басқару магистрі.

 

Еңбек жолы:

1992ж. – 2007ж.  – Екібастұз ГРЭС-1-де ҚТЦ-1 турбина жабдығы бойынша қараушы-машинисі, энергия блогының машинисі, ҚТЦ-1 аға машинисі, энергия блогының машинисі, ҚТЦ-1 ауысым бастығы;

2007ж. – 2013ж. – ПС 1150 КВ кезекші инженері, «KEGOC» АҚ Екібастұз филиалы «Солтүстік МЭС»;

2013ж. – 2018ж. – «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО турбина цехының турбина бөлімшесі бойынша аға шебері, 2-ЖЭО Турбина цехы бастығының орынбасары, 2-ЖЭО қазандық цехының бастығы, 2-ЖЭО турбина цехының бастығы;

2018ж. – 2019ж. – «KEGOC» АҚ диспетчерлік қызметінің жедел бақылау, тәуліктік кестені түзету және жедел-диспетчерлік талдау тобының жедел есептерін дайындау мәселелері жөніндегі инженері;

2019ж. – 2020ж. – «Астана-Энергия» АҚ Басқармасы төрағасының даму жөніндегі орынбасары, 2-ЖЭО директоры;

2020ж. – 2021ж. – ЖШС «Kazakhmyc Energy» технический директор.

2021ж. – 2023ж. – «Астана-Энергия» АҚ Дамыту және газдандыру жөніндегі бас инженері, 3-ЖЭО директоры, Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары;

31.07.2023ж. – қазіргі уақытта – «Астана-Энергия» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері

- Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен, Қоғамның Жарғысымен, Қоғамның басқа органдарының және Қоғамның лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Қоғам қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

- Қоғамның тиімді қызметін ұйымдастырады, Директорлар кеңесінің,  акционердің шешімдерін, жылдық қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қоғамның ішкі жергілікті актілеріне қайшы келмейтін ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе заңнамасымен белгіленген мерзімде орындауды қамтамасыз етеді;

- Қоғамның атқарушы органы мен құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуін бақылайды және қамтамасыз етеді;

- үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді, шарттар/келісім-шарттар/келісімдер жасасады;

- Қоғам қызметкерлерімен еңбек қатынастарын қабылдауды, ауыстыруды, бұзуды және тоқтатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады, Қоғамның штаттық кестесіне сәйкес Қоғам қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының және жалақыларына дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, Басқарма, ішкі аудит қызметі және корпоративтік хатшы құрамына кіретін қызметкерлерді қоспағанда, Қоғам қызметкерлері сыйлықақыларының мөлшерін айқындайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғам қызметкерлерімен еңбек қатынастарын өзге де реттеуді жүзеге асырады;

- акционермен анықталған нысандар бойынша Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметі туралы тоқсандық, жылдық, сондай-ақ шоғырландырылған есептілікті ұсынады;

- акционердің, Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі мүшесінің сұратуы бойынша олар белгілеген ақылға қонымды мерзімде Қоғамның өндірістік және қаржылық қызметі туралы кез келген ақпаратты, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қоғамның ішкі жергілікті актілерімен белгіленген тәртіпте бухгалтерлік және қаржылық есептілікті және өзге де құжаттаманы ұсынады;

– Директорлар кеңесіне және акционерге, сондай-ақ Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің Қоғам қызметінің көрсеткіштеріне әсері туралы жылдық есептерді ұсынады;

- Қоғамның даму жоспарын іске асыру туралы Директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есептерді ұсынады;

- Қоғам қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

-Қала әкімінің, оның орынбасарының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін хаттамалық тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

- отырыстарда төрағалық етеді және Басқарма жұмысын ұйымдастыруды, хаттамаларды жүргізуді, Басқарма шешімдерінің белгіленген мерзімде орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

- акционерлердің белгіленген тәртіпте және мерзімде Қоғамның даму стратегиясының, бюджеттің және даму жоспарының жобаларын Директорлар кеңесінің қарауына шығаруды қамтамасыз етеді;

- Қоғамның директорлар Кеңесіне Қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы және өтемақы мөлшерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

- Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен, Қоғамның Жарғысымен және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қоғам атынан мәмілелер жасайды;

- Қазақстан Республикасының Заңнамасымен, Қоғам Жарғысымен, Қоғам акционерінің және Директорлар кеңесінің шешімдерімен белгіленген шекте Қоғам қаражаты мен мүлкіне иелік етеді;

- Қоғамның бес жылдық даму жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады;

- Қоғамдағы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді.

Кажкенов Казбек Алимсуринович

"Астана-Энергия" АҚ Басқарама төрағасы