Туған күні: 1984 жылғы 26 маусым

Туған жері: Шығыс Қазақстан обл

Ұлты: Қазақ

Білімі:

2007ж. - С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті, менеджмент;

2010ж. Еуразия гуманитарлық институты, экономика және бизнес магистрі.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

2007ж. – 2008ж. - «Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті» ММ, инвестициялық жобалар бойынша техникалық қадағалау бөлімінің бас маманы;

2008ж. – 2013ж. - «Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті» ММ, инвестициялық жобалар бойынша техникалық қадағалау бөлімінің бас маманы;

2013ж.- 2015ж. - «Астана қаласының энергетика басқармасы» ММ, перспективалық даму бөлімінің басшысы;

2015ж.-2018ж. - «Астана қаласының энергетика басқармасы» ММ, басшының орынбасары (электрмен жабдықтау бойынша);

2018ж.- тамыз 2019ж. - «Астана-РЭК» АҚ, даму қызметінің бастығы;

2019ж. қазан –  2019ж. - желтоқсан - ҚР Ұлттық экономика министрі кеңесшісінің м. а.;

2019ж. – 2020ж. - Премьер-Министр Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы;

2020ж. – 2023ж. - «Астана-Энергия» АҚ, перспективалық даму және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы;

2023ж. – қазіргі уақытта - «Астана-Энергия» АҚ-ның Басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары.

 

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері

 - Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің жабдықтарын қайта құру және жаңғырту бойынша перспективалық даму жоспарын әзірлеуді ұйымдастырады;

- барлық кезеңдерде жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, сондай-ақ қабылданатын шешімдер мен жасалатын әрекеттердің Қоғам дамуының негізгі тұжырымдамасына сәйкестігін мониторингілеуді жүзеге асырады;

- электр-жылу энергиясын өндіруге үлестік шығындарды төмендету бойынша міндетті талаптарды енгізе отырып, жабдықтың энергия тиімділігі көрсеткіштерін арттыру үшін технологияларды енгізу бойынша бағдарламаларды әзірлеу және келісу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

- Қоғамның энергетикалық кәсіпорындарын дамытуды жоспарлаудың озық, отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеуді, жинақтауды және практикалық қызметте қолдануды жүзеге асырады;

- жобалардың таныстырылымын және оларды іске асыру кестелерін, қорғауды және олардың негіздемесін, жобалар бойынша басшылықтың сұрақтарына жауаптарды ұйымдастырады;

- жобаларды іске асыруға, жалпы нұсқаулар беруге жауапты қызметкерлерді тағайындау үшін кандидатураларды енгізеді, олардың қызметіне тікелей басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады;

- Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің күрделі құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;;

- қызметтің негізгі түрлері (электр және жылу энергиясын өндіру) бойынша Қоғамның жыл сайынғы инвестициялық бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды үйлестіреді;

- Қоғамның барлық бөлімшелерінің күрделі құрылыс объектілері бойынша барлық құжаттаманы (технологиялық схемалар, сызбалар және т.б.) есепке алу, жіктеу және сақтау жұмыстарын ұйымдастырады;

- сатып алу бастамашыларының қызметтік жазбалары негізінде Қоғамда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

- ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және Қоғамның ішкі жергілікті актілеріне сәйкес мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыру бойынша өзіне сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады.

- Қоғамның Басқарма төрағасының, Басқарманың, Директорлар кеңесінің, акционерлердің/жалғыз акционердің бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын, оның ішінде ауызша орындайды;

- Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылық жасайды, олардың жұмысының нәтижелерін, бағынысты құрылымдық бөлімшелердегі еңбек және өндірістік тәртіптің жай-күйін бақылайды;

- ұйым қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді;

- ұйымда дайындалатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, стандарттардың және өзге де құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ қажет болған жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысады;

- қолданыстағы заңнаманы бұза отырып шығарылған актілерді өзгерту немесе бұзу бойынша шаралар қабылдайды;

- ұйым қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, сондай-ақ ұйымның пікіріне түсетін актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;

- ұйымдағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылықты, қолданыстағы заңнаманы түсіндіруді және оны қолдану тәртібін, талап қою жұмысында құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсетуді, сот және төрелік органдарға қажетті материалдарды дайындауды және беруді қамтамасыз етеді;

- сотта, төрелік сотта, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде ұйымның мүдделерін білдіреді, сот және төрелік істерді жүргізуді жүзеге асырады;

- ұжымдық шарттарды, салалық келісімдерді дайындауға және жасасуға, еңбек тәртібін нығайту, ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

- кіріс / шығыс талаптар бойынша сот істерін қарау нәтижелерін талдау және қорыту бойынша жұмысты басқарады;

- шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

- Қоғамның дебиторлық/кредиторлық берешегін төмендету бойынша жұмысты ұйымдастырады.

- Қоғам қызметкерлеріне заң көмегін көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады, қажет болған жағдайда құқықтық мәселелер бойынша жеке өзі консультациялар өткізеді;

- ағымдағы іс жүргізу құжаттарын, оның ішінде істерді қалыптастыру және оларды сақтауға тапсыру бойынша басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін тіркеу, есепке алу, сақтау және тиісті құрылымдық бөлімшелерге беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

- Қоғамның балансында тұрған ғимараттар мен құрылыстарды тиісті жарамды техникалық күйде ұстау, құрылысы аяқталған және жаңадан іске қосылатын ғимараттар мен құрылыстарды, қайта жаңартылатын және жаңғыртылған негізгі қорларды теңгерімге алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Қоғам объектілерін мемлекеттік органда тіркеу;

– Қоғам кәсіпорындарының негізгі өндірістік қуаттарын күрделі құрылыс, кеңейту, қайта жаңарту және жаңғырту, олардың титулына кіретін жаңа негізгі құралдар мен жабдықтарды сатып алу (бұдан әрі - құрылыс), Қоғам балансында тұрған ғимараттар мен құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі жоспарларды қамтитын Қоғамның бірыңғай бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

 

 

- Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін рұқсат беру құжаттары негізінде бекітілген жобалар бойынша жаңа объектілерді салу, қолданыстағы өндірістік қуаттарды кеңейту және қайта жаңарту барысына технологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыру;

 

Мукашев Адильбек Оралбекулы

Басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары