Туған күні: 1986 жылғы 25 сәуір

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы 

Ұлты: Қазақ

Білімі:

2007ж. –  М.Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжі, Дене шынықтыру және спорт;

2013ж. –  «Астана-Тұран» университеті,2013ж, Құқықтану;

2024ж. –  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  университеті, Электрэнергетика,техника және технология.

Еңбек жолы:

2007ж. – 2007ж. – Директордың көмекшісі, «ДЕЛЬТА» ЖШС;

2007ж. – 2009ж. – «SHAR TRABEL» ЖШС Қамтамасыз ету бөлімінің маманы;

2009ж. – 2010ж. – «MAK Holliday» ЖШС қауіпсіздік қызметінің бастығы;

2010ж. – 2011ж. – «Астанаэнергосервис» АҚ-ның автокөлік секторының бастығы;

2012ж. – 2015ж. – «АЛТЫН ТАС» ЖШС –ының директоры;

2015ж. – 2022ж. – «Астана-Энергия» АҚ Қауіпсіздік жөніндегі маман, Ішкі қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік жөніндегі жетекші маманы;

2022ж. – 2025ж. – «Астана-Энергия» АҚ Ішкі қауіпсіздік жөніндегі директоры;

2025ж. – қазіргі уақытта – «Астана-Энергия» АҚ Басқарма төрағасының жабдықтау жөніндегі орынбасары.

 

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және Қоғамның ішкі жергілікті актілеріне сәйкес мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыру бойынша Қоғамның барлық бөлімшелерін ұйымдастыруды және үйлестіруді, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындауды, мемлекеттік сатып алудың қорытындысын шығаруды, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты құжаттама жүргізуді және т.б. жүзеге асырады;

- өндірістік қызмет үшін қажетті барлық тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз етеді;

- Қоғам қызметін тиісінше жүзеге асыру үшін қолда бар және тартылған барлық қаржылық және материалдық ресурстарды пайдалануды ұтымды етеді;

- контрагенттердің жетекшілік ететін мәселелер бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қоғамның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

- жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қоғам жасайтын шарттар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

- Көліктік қызмет көрсетуді және Қоғамды автокөлік учаскесінің, оның ішінде АЖС арнайы механизмдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

- автокөлік учаскесінің, оның ішінде АЖС техникасының барлық түрлерін ұтымды пайдалануды және дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді;

- қойма шаруашылығының жұмысын, тауар-материалдық қорларды тиісінше сақтау, есепке алу және сақтау үшін жағдай жасауды ұйымдастырады;

- шаруашылық қызметтің (1-ЖЭО, 2-ЖЭО жалпы станциялық учаскесі),                   1-ЖЭО, 2-ЖЭО медициналық пункттерінің жұмыс істеуі бойынша басшылықты жүзеге асырады.

Мусабиев Эльдар Мусабиұлы

Басқарма төрағасының жабдықтау жөніндегі орынбасары