Туған күні: 1986 жылғы 1 мамыр

Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы

Ұлты: Қазақ

Білімі:

2007ж. – С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті, Менеджмент;

2012ж. – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Экономика және бизнес магистрі;

2024ж. – «СБС Эдьюкейшн» қосымша кәсіби білім беру саласындағы автономды коммерциялық емес ұйым, Бизнес басқару магистрі.

Еңбек жолы:

2008ж. – 2009ж. – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кеме қатынасы тіркелімі» ММ Инспекторлық бөлімі бастығының орынбасары;

2009ж. – 2010ж. – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кеме қатынасы тіркелімі» ММ Инспекторлық бөлімінің бастығы;

2010ж. – 2010ж. – «Астана-Энергия» АҚ Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің инженері;

2010ж. – 2013ж. – «Астана-Энергия» АҚ Мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы;

2013ж. – 2015ж. – «Астана-Энергия» АҚ Мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы;

2015ж. – 2016ж. – «Астана-Энергия» АҚ Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы;

2016ж. – 2019ж. – «ЦСБ Омир» ЖШС, мемлекеттік сатып алулар бойынша маман;

2019ж. – 2020ж. – «ҚАЗГЕОДЕЗИЯ» РМҚК, Мемлекеттік сатып алу және маркетинг басқармасының жетекші сарапшысы;

2020ж. – 2022ж. – «ҚАЗГЕОДЕЗИЯ» РМҚК, Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы;

2022ж. – 2023ж. – «Астана-Энергия» АҚ Мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы;

2023ж. – қазіргі уақытта – «Астана-Энергия» АҚ-ның Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

Лауазымдық (функционалдық) міндеттемелері

- Қоғамның экономикалық даму жоспарларын әзірлеу жөніндегі барлық бөлімшелерін, ішкі резервтерді анықтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және үйлестіреді;

- жоспарлы, есептік және есептік құжаттаманың ұтымды нысандарын әзірлеуді, сондай-ақ Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлау, есепке алу және талдау саласында экономикалық есептерді жүргізуді ұйымдастырады;

- Қоғамның бюджетін қалыптастыру мен орындауды ұйымдастырады;

- Қоғамның активтерін жүргізуді және басқаруды жүзеге асырады;

- Қоғам қызметінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

- Қоғамның қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметіне кешенді талдау жүргізуді, жоспарлы тапсырмалар мен талап етілетін есептіліктің орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

- акционерлердің жалпы жиналысына Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген өткен жылғы

жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті талқылау және бекіту үшін уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;

- тәуелсіз аудит жүргізуді қоса алғанда, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйелерінің тұтастығын қамтамасыз етеді;

- Қоғамның материалдық ресурстары мен меншігінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

- Қоғам қызметін тиісінше жүзеге асыру үшін қолда бар және тартылған барлық қаржылық және материалдық ресурстарды ұтымды пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

- Қоғамның қаржылық операцияларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

- жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қоғаммен жасалатын шарттар бойынша берешектерді өндіріп алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

- Қоғамның бейінді емес активтерін (бар болса) сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;);

- Еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу саласындағы жұмыстарды ұйымдастырады;

- Қоғам өнімдері мен қызметтерінің барлық түрлеріне тарифтерді әзірлеу бойынша басшылықты және оларды заңда белгіленген тәртіппен бекітуді жүзеге асырады;

- Қоғамның бухгалтерлік есебі мен есептілігін, салықтық есебі мен есептілігін жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

- ақпаратты (шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті) қатысады және келіседі, сондай-ақ жылдық қаржылық есептілікті және атқарушы орган мүшелеріне жыл қорытындылары бойынша сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде қаржылық есептілік дипозитарийінің интернет-ресурсында жыл сайын жариялауды ұйымдастырады.;

- контрагенттердің жетекшілік ететін мәселелер бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Шияпов Аслан Жаскайратович

Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары