Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.
1958 жылы 13 қазанда туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
Алматы энергетика институтының (1980 ж.) "Инженер-жылу энергетигі" мамандығын бітірген.
1980 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе ЖЭО-да, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінде (Ақтөбе қ.), "Қазақэнергоэкспертиза" АҚ-да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді (қазандықтарды қараушы-машинист, қазандық цехының аға машинисі, турбиналарды қараушы-машинист, турбина цехының аға машинисі, қазандық-турбина цехының ауысым бастығы, электр цехының ауысым бастығы, турбина цехының ауысым бастығы, станцияның ауысым бастығы, турбина цехының бастығы), ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті, Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті директорының орынбасары болып істеді.
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ базасында Энергетика министрлігінің Салалық технологиялық құзырет орталығының сарапшысы болып істеді.
Жалғыз акционердің шешімі негізінде 2023 жылғы 16 тамызда "Астана-Энергия" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор