Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор.

1984 жылы 25 шілдеде туған, Қазақстан Республикасының азаматы.   

 «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (2007 ж.) бітірген, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Электр энергетикасы» магистратурасын (2019 ж.), "Электротехникалық кешендер мен жүйелер" докторантурасын (2022 ж.) бітрірген. "Электротехникалық кешендер мен жүйелер" мамандығы бойынша философия докторы (PhD).  

 Еңбек қызметін 2007 жылдан бастап энергетикалық ұйымдарда әртүрлі лауазымдарда (энергия аудиторы, сарапшы, энергетикалық сараптама және энергетикалық аудит басқармасының бастығы) бастады, "Достық Энерго" АҚ - президенті.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытта С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы. Ғылыми жарияланымдардың авторы және электр желілерін оқшаулауды бақылау саласындағы патенттердің бірлескен авторы, "Құрметті энергетик" және "Еңбек сіңірген энергетик" салалық атақтарымен марапатталған.

Жалғыз акционердің шешімі негізінде 2024 жылғы қаңтарда "Астана-Энергия" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

 

Курабаев Искандер Казбекович

Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор