Астана қаласы әкімінің орынбасары – "Астана-Энергия" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
1978 жылы 6 қыркүйекте туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қазақ көлік және коммуникациялар академиясын (2000 ж.), Бағалау және құрылыс академиясын (2008 ж.), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (2011 ж.) бітірген. Мамандығы-инженер-құрылысшы, Құқықтану.
2012 жылдан бастап «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ маманы, «Алматы облысы Әкімінің аппараты» ММ облыс әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеген.
2015 жылдан бастап 2023 жыл аралығында «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарған.
2023 жылғы қыркүйектен бастап Астана қаласы Әкімінің орынбасары.
Жалғыз акционердің шешімі негізінде 2023 жылғы 4 қыркүйекте "Астана-Энергия" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
"Астана-Энергия" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.