«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысының орынбасары - Директорлар кеңесінің мүшесі.
1991 жылы 3 наурызда дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін, (2013, 2015 жж), Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген (2023 ж.). Еңбек қызметі 2014 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Атырау облысы бойынша салық басқармасының салық бөлімінде резидент еместермен, жер қойнауын пайдаланушылармен және ірі салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы ретінде басталды. 2014 жылдан бастап 2024 жылдар аралығында салық органдары, мемлекеттік кірістер органдары, жергілікті атқарушы органдар жүйесінде әртүрлі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды атқарды.
2024 жылғы ақпаннан бастап "Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ-де жұмыс істейді, 2025 жылғы сәуірден бастап "Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы"ММ басшысының орынбасары қызметін атқарады.
Жалғыз акционердің шешімі негізінде 2025 жылғы 27 мамырда "Астана-Энергия" АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Директорлар кеңесінің мүшесі