2022 жылғы жартыжылдық қорытындылары бойынша «Астана-Энергия» АҚ жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттелетін қызмет түрі бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп өткізу

Жариялаған: 25.07.2022 ж.

«Астана-Энергия» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2022 жылдың жарты жылдығының қорытындылары бойынша жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттелетін қызмет түрі бойынша алдағы есеп өткізілетіні туралы хабарлайды:

1. Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері: «Астана-Энергия» АҚ, мекенжайы Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, 69-өтпе жолы, 18-ғимарат, 2-ЖЭО.

 

2. Көпшілік тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

- көпшілік тыңдаудың төрағасы белгіленген уақытта жария көпшілік ашады, күн тәртібін жариялайды және есеппен сөз сөйлейді;

- табиғи монополия субъектісінің сөзінен кейін қатысушылар сұрақ қоя алады, қаралып отырған мәселе бойынша ауызша немесе жазбаша өз пікірін білдіре алады;

- қатысушылардың сұрақтарына жауап бергеннен кейін төраға қорытынды шығарады және көпшілік тыңдауды жабады.

- көпшілік тыңдаулардың аяқталуы сағат 12.00-ге дейін.

 

3. Нұр-Сұлтан қаласында шектеу іс-шараларын енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 01-24-21/696-вн қаулысын орындау үшін (1-тармағының 1.2) тармақшасы: «қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестерді (отырыстарды) өткізуді қашықтық форматқа көшіру») 2022 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есеп көпшілік тыңдау нысанында онлайн форматта, Zoom платформасында өткізілетін болады.

Уақыты: 2022 жылғы 29 шілдеде 11: 00 AM

Конференцияға қосылуға сілтеме

Конференция идентификаторы:  243 288 7516

Қолжеткізу коды: 123

 

4. Есепті өткізуге 24 сағат қалғанда аяқталатын тыңдаушылар тізімін алдын ала қалыптастыру үшін, Есепті тыңдауға қатысу үшін Сіздің ұйымыңыздың өкілдері туралы ақпаратты 2022 жылғы 28 шілдеде сағат 11.00-ге дейін g.uzakova@astana-energy.kz электрондық мекенжайға жолдауыңызды сұраймыз, байланыс нөмірі 64-40-45.

1.2022 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат

2.2022 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы ақпарат

3.2022 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша сапа және сенімділік көрсеткіштері

4.2022 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша тиімділік көрсеткіштері

Есепті қарау