«Астана-Энергия» АҚ Комплаенс-офицері

Асқар Амангелдіұлы

тел. 8 7172 644082 (ішк. 540)

ұялы тел. 8 777 772 22 32

эл.мекенжайы: a.amangeldiuly@astana-energy.kz

Комплаенс-офицер қызметінің мақсаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын және өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде адалдық пен сатылмайтындық қағидаттарын қамтамасыз ететін, Қоғамның ішкі құқықтық және корпоративтік мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері.

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай саясат жүргізу;
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінде кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік түсінігін қалыптастыру;
Қоғамның лауазымды адамдары мен қызметкерлерін, сондай-ақ үшінші тұлғаларды сыбайлас жемқорлық қызметіне тарту тәуекелін барынша азайту;
сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарын азайтуға және жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу және енгізу.
қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды қатаң сақтауға тәрбиелеу;
Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында сыбайлас жемқорлық факторларының болуына жол бермеу;
жұмысты орындау және қызмет көрсету кезінде ашықтықты, адал бәсекелестікті және объективтілікті қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауы мүмкін Қоғам қызметінің бағыттары.

1. сыйлықтар және өкілдік шығындар;
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде үшінші тұлғаларды тарту;
3. жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген адамдарға, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға төлемдер;
4. демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету;
5. Қоғам қызметі шеңберінде мәмілелер жасау, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу;
6. персоналды басқару;
7. ішкі құжаттардың қаржылық және құқықтық сараптамасы.

Құжаттар