5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні!

Жарияланды: 05.09.2023 г.

Құттықтау

Мереке

news img

Бүгін 2023 жылғы 5 қыркүйекте «Астана-Энергия» Акционерлік Қоғамында 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, Қоғамның құрылымдық бөлімше басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен тіл мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Бүгінгі кеш «Алаш» қозғалысының танымал қайраткері, аса көрнекті ақын, педагог, психолог, журналист, қоғам қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың 130 жылдығына арналды.

Іс-шара барысында ақынның өмірі, еңбектері бейнеленген арнайы роликтер көрсетілді. Сонымен қатар, ақынның сөзіне жазылған «Дайдидау» атты әнін қазіргі уақытта орындап жүрген әлемдік жұлдыз Димаш Құдайбергеновтың видеосы көрсетілді. 1-ЖЭО Қазандық-турбина цехы турбина жабдығының аға машинисі Қалиев Шоқан Киікбайұлы мерекеге арнап толғау мен әсем ән орындап берді.

«Астана-Энергия» АҚ жұмысшылары мақал-мәтел айтып, құттықтау сөз оқып, әртүрлі тақырыпта мәнерлеп өлең оқып, тілге деген құрметтерін көрсетті.

Іс-шара соңында белсенді, тілге қамқорлық танытып жүрген қызметкерлерді «Астана-Энергия» АҚ Басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Мұқашев Әділбек Оралбекұлы алғыс хаттармен марапаттады.

Басқа жаңалықтар

Конституциясы күні!
30 тамыз 2023 г
Өту News link icon
Елорда әкімі «Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-на са...
3 ақпан 2023 г
Өту News link icon
2023 жылғы 1 қазаннан бастап жылу энергиясын өндіру тар...
24 тамыз 2023 г
Өту News link icon
«Bi-Development» ЖШС-дан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі...
9 наурыз 2023 г
Өту News link icon