Жариялаған: 03.02.2023 ж.
2023 жылғы 14 қаңтарда жылыту маусымын тиісінше өткізу мақсатында Елорда әкімі «Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-да болып кетті. Келіп кету барысында «Астана-Энергия» АҚ басшылығы 1-ЖЭО және 2-ЖЭО станцияларының жұмысы штаттық режимде екені туралы баяндады.
Қазіргі уақытта қаланы 1-ЖЭО және 2-ЖЭО жылумен қамтамасыз етіп отыр. Осы жылу электр орталықтарында жаңғырту жүргізілуде. Мәселен, сағатына 360 гигакалорияға қосымша қуат беретін, 2-ЖЭО-да 7-ші және 8-ші қазандықтың құрылысы жобалануда. Сондай-ақ 2-ЖЭО-да ст.№1 турбоагрегатын жаңғырту жоспарлануда, ол электр қуатын 35 мегаваттқа арттырады».
Қазіргі таңда 1-ЖЭО-да үш газмазут қазандығы газға ауыстырылды, өсім – 50 Гкал-ды құрайды, сосын түтін құбырын ауыстыру жоспарлануда.
Кездесу қорытындысы бойынша Елорда әкімі жылыту маусымын апатсыз өткізу бойынша нақты міндеттер қойды.