«Астана-Энергия» АҚ қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы анонс

Жариялаған: 02.06.2025 ж.

2025 жылғы 9 маусымда «Астана-Энергия» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыларын жария талқылауды жүргізу жоспарлануда.

Қоғамның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Қоғамның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;   

2) Қоғамның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.