«Астана-Энергия» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Жариялаған: 18.04.2025 ж.

2025 жылғы 2 мамыр -16 маусым аралығында «Астана-Энергия» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау(бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізіледі.

СЖТІТ мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады:

1) Қоғамның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.