"Астана-Энергия" АҚ қызметі туралы - Қазандық цехы

Жариялаған: 20.04.2023 ж.

 

Қазандық цехы электр және жылу энергиясын өндірудің технологиялық процесінде де, электр станциясының ұйымдық құрылымында да 2-ЖЭО негізгі цехтарының бірі болып табылады.

Қазандық цехының негізгі міндеттері:

- жүктемелердің диспетчерлік кестесін және электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі жоспарды орындау;

- цехқа бекітілген барлық жабдықтардың сенімді апатсыз және үнемді жұмысын қамтамасыз ету, жабдықты электр және жылу жүктемелерін орындауға тұрақты әзірлікте ұстау;

- қоршаған ортаны және адамдарды түтін газдары бар шығарындылар кезінде өндірістің зиянды әсерінен қорғау және т.б. Технологиялық тұрғыдан қазандық цехы екі цехпен, отын-көлік және турбина цехымен тікелей байланысты. Отын-көлік цехынан көмір қазандық агрегаттарына түседі, онда оттық камерасында оны жағу болады. Бөлініп шыққан жылулық нәтижесінде су қазандық агрегаттарынан турбина агрегаттарына түсетін берілген параметрлердің аса қызған буына айналады.

Станцияда табиғи циркуляциясы бар сегіз барабан бу генераторы орнатылған.  

 

Қазандық цехының перспективалық міндеттері:

- № 2 секцияға № 2 күл үйіндісін көшіру және жұмыс ;

- ст. №№ 1 және 4 қ/а-на ТП БАЖ енгізу;

- 2023÷2024 жж. жылыту маусымына (КҚК) дайындық жоспарындағы                       

- ст. №№ 2 және 3 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу болып табылады.