Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2-ЖЭО-ға сапар шекті.

Жариялаған: 04.02.2023 ж.

28 қаңтар сенбі күні Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М.К. Қарабаев «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО-ға келді және «Астана-Энергия» АҚ Басқарма төрағасы Н.М. Купешовпен кездесті, оның барысында Қоғам іске асыратын ағымдағы және инвестициялық жобалар, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешуді талап ететін проблемалық мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау және қолда бар міндеттерді шешу бойынша шешімдер қабылданды.