Жариялаған: 18.04.2023 ж.
Кез келген ЖЭО химия цехының басты міндеті – бұл жылу және электр энергиясын өндіру барысында пайдалану үшін суды сапалы дайындауды қамтамасыз ету. Бұдан басқа, ЖЭО негізгі жабдықтары жұмысының сенімділігі мен үнемділігін сақтау және арттыру қажет. Және Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларының нормаларына сәйкес суды қажетті мөлшерде және сапада дайындау. Бұл станция цикліндегі шығынның орнын толтыру үшін жасалады.
Осы процестердің барлығын 75 білікті маман бақылайды.
Химия цехында су дайындау жүйесін жаңғырту жүргізілді.
Ал 2023 жылғы 17 қаңтардан бастап кері осмос қондырғысы (өнімділігі – 250м3/сағ) пайдалануға берілді, бұл тұзсыздандыру қондырғыларының жұмыс істеу ұзақтығын ұлғайтуға, өз қажеттіліктеріне су шығындарын және тұзсыздандырылған су өндіруге реагенттердің шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.