Жариялаған: 24.08.2023 ж.
«Астана-Энергия» АҚ жылу энергиясын тұтынушыларға «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ 2023 жылғы 22 тамыздағы № 62-НҚ бұйрығымен жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифті 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданысқа енгізе отырып, ҚҚС-сыз 2 260,02 теңге/Гкал мөлшерінде бекіту туралы ақпаратты хабарлайды.