Құмар ойындарға қатысуға тыйым салу саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізу

Жариялаған: 17.09.2026 ж.

2026 жылғы 14 және 15 қыркүйекте «Астана-Энергия» АҚ-да Қоғам қызметкерлерінің құмар ойындарға қатысуға тыйым салу саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өтті.  

Іс-шараның негізгі мақсаты Қоғам қызметкерлерінің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға жауапты көзқарасты қалыптастыру болды.

Өткізілген іс-шара барысында құмар ойындарға қатысуға қойылған шектеу саласындағы заңнама талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және Қоғам қызметкерлерінің жауапкершілігі түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтауы мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Осындай оқыту іс-шараларын өткізу әрбір қызметкердің заңдылығы, адалдығы, ашықтығы және жеке жауапкершілігі қағидаттарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі комплаенс-қызметтің жүйелі жұмысының маңызды бөлігі болып табылады