«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру

Жариялаған: 09.09.2022 ж.

2022 жылғы 8 қыркүйекте «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО-да Нұр-Сұлтан қ. Қоғамдық Кеңесі Төрағасының орынбасары Зайнулла Рахимұлы Шибкеновтың қатысуымен іс-шара өтті.

Іс-шараға Қоғамның Басқарма төрағасының орынбасарлары, барлық құрылымдық бөлімше басшылары, сондай-ақ цех инженерлері және жұмыскерлері қатысты. 

Іс-шара барысында Зайнулла Шибкенов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілерін түсіндірді, атап айтқанда:

1. Жаңа экономикалық саясат.

2. Нақты секторды дамыту.

3. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция.

4. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту.

5. Заң және тәртіп.

Мемлекет басшысы атап өткендей: «Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру аса маңызды. Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз».