Жариялаған: 09.09.2022 ж.
2022 жылғы 7 қыркүйекте «Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту бойынша кезекті іс-шара өткізілді.
Кеңес «Астана-Энергия» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Данияр Зиядинұлы Хопабаевтың төрағалығымен 1-ЖЭО директоры Юрий Леонидович Утюжников пен «Астана-Энергия» АҚ комплаенс-офицері Бахтияр Салаватұлы Гарифуллиннің қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында, басшылық пен қызметкерлер арасында кері байланысты ұйымдастыру шеңберінде ұсыныстар мен өтініштерді қабылдауға арналған жәшіктердің болуы туралы түсініктемелер берілді.
Данияр Хопабаев атап өткендей, «Жәшіктер Қоғамның әрбір қызметкері еңбек жағдайларын да, тұтас алғанда Қоғамның қызметін де жақсартуға бағытталған өз ұсыныстарын айта алуы үшін орнатылған. Әрбір іске асырылған ұсыныстың авторы көтермеленетін болады».
Бастаманы қазан-турбина, электр, химия, жылу автоматикасы және өлшеу, отын-көлік цехтарының, сондай-ақ қазандық және турбиналық бөлімшелердің және басқалардың жұмыскерлері атынан 1-ЖЭО еңбек ұжымы қолдады.
Комплаенс-офицер өз сөзінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарының талаптары мен нормалары:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық;
- Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мүдделер қақтығысын реттеу қағидалары туралы түсініктемелер берді.
Мүдделер қақтығысының туындау жағдайлары талқыланды.
Бахтияр Ғарифуллин атап өткендей «Қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар:
1) лауазымдық міндеттеріне және орындайтын жұмысына байланысты туындайтын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде тек қана Қоғамның мүдделерін басшылыққа алуға;
2) өзінің жеке мүдделерінің Қоғам мүдделерімен қақтығысын уақтылы анықтауға, нақты немесе ықтимал мүдделер қақтығысын реттеуге белсенді қатысқаны үшін жеке жауаптылықты болуға;
3) олардың жеке мүдделері, отбасылық байланыстары, достық немесе басқа да қатынастары, жеке ұнатулары мен ұнатпаулары іскерлік шешім қабылдауға ықпал етпейтіндігіне кепілдік беруге;
4) өздерінің жеке мүдделері Қоғам мүдделеріне қайшы келетін кез келген жағдайдан немесе мән-жайлардан қашқақтауға;
5) Кез келген іскерлік мәмілелер, әзірленетін және іске асырылатын жобалар бойынша бәсекелестікті қоса алғанда, Қоғаммен бәсекелеспеуге;
6) өзінің жеке, оның ішінде қаржылық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қоғамның активтерін, сондай-ақ Қоғамдағы өзінің жағдайын және/немесе Қоғамдағы лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға байланысты туындайтын іскерлік мүмкіндіктерді пайдаланбауға міндетті;
7) мүдделер қақтығысын қарау барысында шешім қабылдауға немесе олардың жеке немесе материалдық мүдделеріне ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға қатыспауға тиіс.»,
Өткізілген кеңес қорытындысы бойынша хаттама жасалды, барлық қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының талаптарын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мүдделер қақтығысын реттеу қағидаларын сақтау туралы жазбаша міндеттеме алды және танысты.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
«Астана-Энергия» АҚ
Комплаенс-офицері
Бахтияр Гарифуллин
8 701 099 07 99