Жариялаған: 01.07.2026 ж.
2026 жылға арналған Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 01 маусымынан бастап «Астана-Энергия» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметіне СЖТІТ жүргізу жүзеге асырылуда.
Қоғам төрағасымен бекітілген 2026 жылғы 19 мамыр № 649 бұйрығының 2-қосымшасының 6-тармағына сәйкес, Қоғам қызметіндегі СЖТІТ нәтижелерін жаппай талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Осыған байланысты барлық мүдделі тараптарды СЖТІТ нәтижелерін талқылауға қатысуды сұраймыз.
Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға қатысты сұрақтарға қызығушылық танытқандарға +7 (775) 888-83-41 («Астана-Энергия» АҚ комплаенс офицері) телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.