«Bi-Development» ЖШС-дан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін талқылау кездесуі

Жариялаған: 09.02.2023 ж.

Бүгін 2023 жылғы 9 ақпанда  «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО-да «Bi-Development» ЖШС өкілі атынан Жаслан Аклбекович Миргалиев сөз сөйлеп, «BI Group» инвестициялық-құрылыс холдингімен таныстыру өткізілді.

«BI Group» инвестициялық-құрылыс холдингі «Астана-Энергия» АҚ қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалай отырып және жылжымайтын мүлікті сату саласындағы тығыз ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастыра отырып, ЖЭО қызметкерлеріне жылжымайтын мүлікті сатып алудың қызықты және қолжетімді шарттарын, сондай-ақ құрылыс салушыдан жеңілдіктер, бөліп төлеу және қолжетімді ипотекалық бағдарламаларды таныстырды.

Сондай-ақ, «BI Group» холдингі Halyk Bank ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізуде, бұл мақсатта қызметкерлеріміздің жылжымайтын мүлікті неғұрлым төмендетілген сыйақы мөлшерлемесі бойынша сатып алуының тиімді шарттарын келісу мүмкіндігі бар.

Қоғам "BI Group" ұжымына алғысын білдіре отырып және осы жобаларды одан әрі іске асыруда табыс тілейді!