«Астана-Энергия» АҚ Мәңгілік Ел даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысында «Smartflower» орнатты

 

«ЭКСПО-2017» Халықаралық арнайы көрме өткізу аясында «Астана-Энергия» АҚ өз-өзінен дәлденетін фотоэлектрлі “Smart flower” қондырғысын сатып алып орнатты.

цветок-1

«Smart flower» күнбағысты еске салады. Осы желектердің жалпы алаңы 18 квадрат метрге тең. Общая площадь этих лепестков равна 18 квадратным метрам. GPS жүйесімен түйіндес, күн панельдерімен басқару  интеллектуалдық жүйесі тәулік уақытын, жарықтандыру деңгейін, агрегатқа біркелкі күннің орналасуын талдайды.   Егер құрылғыны күндізгі уақытта қосқан жағдайда, контейнер автоматты түрде ашылып, одан күн панельдері-желектерімен тік тірек көтеріледі және орнатылады. Бұдан әрі желектер өзінің қалпына келіп, «гүл желегі» ашылады. Бұдан кейін күнге қарай бейімделеді. Егер құрылғының бастапқы қосылуы қараңғы уақытта жүргізілген жағдайда, басқару жүйесі автоматиканы бірден автоматты түрде күту режиміне  ауыстырады. Күннің сәулесімен гелий панельдер жұмыс күйіне алмасады.   Арнайы сезгіштер метеожағдайларды, сондай-ақ, желдің бағытын және күшін бақылайды.

DSC_0077

15 м/сек кем емес жел жылдамдығы кезінде панельдер жұмыс күйінде болады  және күнге бейімделіп тұрады. Егер жел жылдамдығы бұл мәннен асып түссе, «гүл желегі» жабылады, панельдер пакетке бүктелініп салынады және тұғырға шектесе тік тұрады, соған орай, пакет желге қатарлас бағытта орналасады. Жел жылдамдығы 17.5 м/сек асқан жағдайда, панельдер пакеті контейнерге салынады.

SmartFlower номиналды шығу қуаты 2.13 киловатты құрайды. Қондырғы орналасқан жеріне қарай жылына сағатына 3400 кВт-тан 6300 кВт-қа дейін өңдіреді, бұл орта қала сыртындағы үйді автономды энергиямен қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Электр станциясының барлық элементтік базасы (фотоэлектрлік панельдерді қоспағанда) Австрияда әзірленіп, жасалды.

Орнату мерзімі: 2017 жылдың 18  мамыр күні. Орнататын жері: «ЭКСПО» ауданы, Ұлы Дала көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысы.