«Астана-Энергия» АҚ жылу энергиясын өндіру бойынша тариф көтеруге қатысты ресми пресс-релиз

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі өкілетті органның (Астана қ. ТМРКД) 2013 жылғы 19 қарашадағы № 141-ОД бұйрығымен «Астана-Энергия» АҚ жылу энергиясын өндіру бойынша реттелетін қызметтер тарифтері 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін орта мерзімді кезеңде қолданылатын болып бекітілген.

Өкілетті органның шешімімен «Астана-Энергия» АҚ жылу энергиясын өндіру бойынша реттелетін қызметтер тарифтерінің және тарифтік сметаларының 2014 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін орта мерзімді кезеңде әрекет ету мерзімдері 2017 жылдың 31 желтоқсанынам дейін ұзартылды.

Бекітілген Ережелерге сәйкес, 2017 жылы, Қоғам жеке бастамасы бойынша 2016 жылғы тарифтің әрекет ету мерзімін 2017 жылғы 1 қазанға дейін 1 484 теңге/Гкал көлемінде, реттелуге байланыссыз өзге қызметтер есебінен ұзартты. Бұл ретте бекітілген тариф 1 763 теңге/Гкал құрады.

Сонымен қатар, Қоғамның 2016 жылғы қорытындылар бойынша Инвестициялық бағдарламаны орындамауына байланысты, Өкілетті орган (2016 жылғы 16 маусымдағы №51-ОД бұйрық) 1 жыл мерзімге 2017 жылғы 1 шілдеде әрекетке кірісетін көлемі 1 745,63 теңге/Гкал болатын  уақытша өтеу  тарифін

бекітті. «Астана-Энергия» АҚ-ның осы деңгейдегі тарифті қолдануы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында (Республикалық «Аймақтар ақлараты» газетінде  20.06.2017ж.), сондай-ақ ресми сайтта жарияланды.

теңге/Гкал

Р 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл
1 Бұйрық 141-ОД 19 қараша 2013 ж. 1238 1484 1763 -
2 Бұйрық 80-ОД  24 маусым 2015 ж. 1238 1238 1484 1763
3 «Астана-Энергия» АҚ жеке бастамасы бойынша тарифті  1 763 теңге/Гкал-дан 1 484 теңге/Гкал-ға дейін,  01.01.2017 ж. және 30.06.2017 ж. аралығы бойынша төмендетті 1238 1238 1484 14841763
4 Астана-Энергия» АҚ жеке бастамасы бойынша тарифті  1 763 теңге/Гкал-дан 1 484 теңге/Гкал-ға дейін,  01.07.2017 ж. және 30.09.2017 ж. аралығы бойынша төмендетті 1238 1238 1484 14841745,63

 

Осылайша, Астана-Энергия» АҚ жылу энергиясын өндіру бойынша тарифті 2017 жылғы 1 қазаннан бастап 1 745,63 теңге/Гкал көлемінде енгізгені жөнінде қайталап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу туралы» Заңының талаптарына сәйкес, «Астана-Энергия» АҚ-ның 2017 жылы 1 шілдеде Өкілетті органға жылу энергиясын өндіру бойынша тарифтің шекті деңгейін 5-жылдық кезеңге (2018-2022 жылдарға) бекітуге өтінім жолдағанын да хабарлаймыз Осы жоба инфляция көрсеткіштерн және жылу энергиясын өндіруге қажетті тауарлар мен қызметтердің нақты құны ескеріліп жасалды. «Астана-Энергия» АҚ  2018-2022 жылдарға бағытталған, жабдықтарды жаңарту мен, ескісін алмастыру жөнінен инвестициялық іс-шараларды да іске асыруды жоспарлауда.

Өкілетті орган «Астана-Энергия» АҚ-ның 2018-2022 жылдардағы жылу энергиясын өндіру бойынша тарифтің шекті деңгейін бекіту жөніндегі жария тыңдауды  2017 жылғы 20 қазанда өткізетін болады. Жария тыңдауға астананың тұрғындары, тұтынушылар, БАҚ және қоғамдық ұйым өкілдері шақырылады.

Жария тыңдауды өткізудің дәл уақыты мен орнын Өкілетті орган белгілейтін болады және «Астана-Энергия» АҚ қосымша хабарлайды.