ТМРБжТҚҚК – Астана қаласы Департаменті «Қоғамдық қабылдау» өткізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасын орындай отырып және бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ уәкілетті органның ТКШ қызметтерін тұтынушылармен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткізеді.

Қоғамдық қабылдау 2018 жылғы 12 қараша күні, сағат 9:00-ден 18.00 аралығында (13.00 – 14.30 түскі үзіліс)  Астана қаласы, Тәшенов көшесі 25 үйінің 2-қабатында өтеді.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушыларды және басқада мүдделі тұлғаларды қоғамдық қабылдауға қатысуға шақырады.

Әрбір қатысуға қалаушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және өзге де саладағы мәселерді шешу жолдары бойынша түсіндірме алуға болады.

Анықтама үшін телефон: (87172) 68-44-83.